- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетау тұрғыны көпқабатты...
Көкшетау тұрғыны көпқабатты үйді жарып жібермек болды
Көкшетауда 25 жастағы жігіт көпқабатты үйді жарып жібермекші болды. Қолына пышақ ұстаған күдікті пәтеріндегі газ баллонының шлангісін кесіп тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тұрғындардың бірі мұны дереу полицияға хабарлаған. Ол тәртіп сақшыларын көріп қалып, үшінші қабаттағы пәтерін ішінен жауып, газ баллонын жарамын деп айғайлаған. Тіпті баллонның шлангісін кесіп, ауаға газ тараған. Осыдан кейін көпқабатты үйдің тұрғындарын түгел сыртқа шығаруға тура келген.
Ал тұрғынды сөзге көндіре алмаған полиция балконнан пәтеріне кіріп, күдіктіні ұстады. Қазір іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Полиция қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің баспалдағы мен балконға көтеріліп пәтерге кірді. Ол сонда да пышағымен айбат шеккен. 1997 жылғы азамат наркология диспансеріне жеткізіліп, сараптама тағайындалды. Қорқыту бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан