- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетау тұрғыны жұмыс...
Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында токқа түсіп мерт болды
Фото:
elements.envato.com
Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында токқа түсіп мерт болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
20 маусымда Есіл АПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшерінен салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшы токқа түсіп, қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қаза тапқан ер адамның бетонараластырғыш машинаны тазалау кезінде токқа соғылғанын анықтаған.
Тергеу бөлімі осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Ж. Қадыржанова