- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетау, Семей, Өскеменде...
Көкшетау, Семей, Өскеменде салынатын ЖЭО-ларға қанша қаржы жұмсалады?
"Самұрық Энерго" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Мақсұтов Ресей Қазақстанда жылу электр орталықтарын салу үшін қанша қаржы жұмсалуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде жобаның құнын айта алмаймыз. Бұл мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады. Смета болмаған кезде индикативті деп аталатын құн бар. (Үкіметтегі - еск.) слайдта көрсетілген болжамды сома - 330 миллиард теңге, әрбір ЖЭО-ға 270 миллиард теңге жұмсалады", - деді басшы Үкіметтің баспасөз орталығында.
Бірақ Үкімет отырысындағы слайдта басқа сандар көрсетілген:
- Семейдегі ЖЭО-ға 420 миллиард теңге (алдын ала болжам бойынша);
- Көкшетаудағы ЖЭО-ға 347 миллиард теңге;
- Өскемендегі ЖЭО-ға 490 миллиард теңге (алдын ала болжам бойынша).
Жоспар бойынша жаңа жылу электр орталықтары Көкшетау, Семей және Өскеменде салынады. Оның құрылысына ресейлік "Интер РАО-Экспорт" компаниясы жауапты болады.
Айта кетейік, былтыр 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалған еді.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz