Көкшетау полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қылмыскер Нихат Берік Бақытжанұлын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
1996 жылы туған ер адам 190-баптың 3-бөлігінің 1,4-тармағы ("Екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет жасалған алаяқтық") бойынша айыпталып жатыр. Күдікті Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинградский ауылының тумасы. Бұрын Көкшетауда тұрған.
Белгілері: бойы 180-185 сантиметр, дене бітімі толық, шашы қара.
Іздеудегі адам туралы қандай да бір мәлімет білетін адам Көкшетау полиция басқармасына, Сәтбаев көшесі, 1а мекенжайы бойынша немесе 8(7162) 29-96-00; 8-707-119-87-19, 102 телефоны нөмірлеріне хабарласа алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!