Көкшетау полицейлері есірткі жеткізумен айналысқан астаналықты ұстады

Тамыз айында Ақмола облысының жедел уәкілдері Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны өңірге есірткі жеткізетіні жөнінде ақпарат алды. Бұрын ер адам есірткі сатқаны үшін сотталған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Есірткі сатушы қонаққа барған досының пәтерінде ұсталды. Тінту шаралары кезінде ұсталған адамнан 1 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 8 қазанда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес ер адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!