• 499.71
  • 490.7
  • 5.61

Көкшетау маңында тіркемесі бар жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

Көкшетау маңында тіркемесі бар жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

Ақмола облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кеше, 30 қаңтарда Көкшетау - Рузаевка жолында екі көлік соқтығысты.

"Оқиға орнына жеткен полицейлер 2001 жылы туған жүргізуші тіркемесі бар Audi B5 көлігін Көкшетау бағытында жүргізіп келе жатып, қарсы жолға шығып кетіп, Shacman көлігімен соқтығысқанын анықтады", - делінген хабарламада.

Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды.

Nayza Kokshe-нің мәліметіне қарағанда, жол апатынан зардап шеккендердің бірі - әйел, ал екіншісі - 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес