Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Қайғылы оқиға Көкшетау - Атбасар тасжолының 16-шақырымында болған. Салдарынан төрт бірдей адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Mini Cooper маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Audi маркалы көлікпен соқтығысқан. Audi жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында мерт болған.
Mini Cooper көлігінде отырған үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екі азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуі хирургия бөліміне ауыстырылды.
Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Mini Cooper көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.
"Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша шешім қабылданады", - деді Ақмола облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Аманжол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз