Ақмола облысындағы Көкшетау – Атбасар жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"3 желтоқсанда сағат 01:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, жаңбыр) Көкшетау – Атбасар тас жолының 9-шақырымынан 184-шақырымына дейін (Көкшетаудан Атбасарға дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!