Көкшетау-Астана тасжолынан 200-ден аса адам жолаушылар пойызымен эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"200-ден аса адам Ақкөл станциясынан елордаға баратын ұлттық тасымалдаушының №6830 пойызымен эвакуацияланды. Жолаушыларға қажет көмек көрсетілді", - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Айта кетейік, тасжолдың бұл бөлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!