Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы жылдың 20 тамызында Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Әкімнің міндеттерін уақытша қала әкімінің орынбасары Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова атқарады", - делінген хабарламада.
Бауыржан Ғайса 1972 жылы 8 тамызда дүниеге келген.
Челябинск мемлекеттік аграрлық университетін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін бітірген.
1994-2013 жылдары – жекеменшік салада жұмыс істеген.
2013-2014 жылдары - "Nur Otan" (Amanat) партиясының Көкшетау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2014-2016 жылдары – "Nur Otan" (Amanat) партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2016-2018 жылдары - Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.
2018-2019 жылдары – Қорғалжың ауданы әкімі.
2019 жылдың 10 сәуірінен бастап – Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!