Көкшетау әкімі жиналыста шенеуніктерді сынап тастады

Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев қалалық әкімдіктегі кеңес барысында қаланы Жаңа жылға дайындық жоспарын сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, оның қойған тапсырмалары орындалмаған, егер бірнәрсе жасалған болса, ол тек "сурет жүзінде", ал оның қалай іске асырылатыны туралы ешкім бас қатырмайды.

Көкшетау бас сәулетшісі Айнұр Танқыбаева сынның астында қалды, ол слайдтарда бейнелеген жобаларының іс жүзінде жүзеге асатынына әкімді сендіре алмады.

Әкім кәсіпкерлерді қаланы безендіруге және жаңажылдық көңіл-күй қалыптастыруға көмектесуге шақырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!