- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшелік ақсақалдар ұлттық...
Көкшелік ақсақалдар ұлттық киімде келіп, өз таңдауларын жасады
Еліміз үшін тарихи аса маңызды референдумда Көкшетау іргесіндегі Краснояр ауылының ақсақалдары да қалыс қалмай, ұлттық киімде келіп, өз таңдауларын жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қариялар сайлауда елдің ертеңі, халықтың алдағы болашағы үшін, немерелері мен шөберелерінің бақыты үшін дауыс бергенін айтады.
"Біз Красный яр ауылының ақсақалдары жиналып, дауыс беруге бәріміз келіп жатырмыз. Елдің жақсылығы үшін, халықтың жақсы тұруы үшін – немере, шөбере, бала-шаға үшін. Ел бақытты болса, біз де бақыттымыз. Сол үшін бәріміз ақсақалдар жиналып, бір ауыздан дауыс беруге келдік", – дейді Красно яр ауылының ақсақалы Жеңіс Шүйкенов.
Жалпы, Ақмола облысының тұрғындары сайлауға белсене қатысып, дауыс беріп жатыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz