Көк шайды адамдар жиі пайдаланады. Ал оның сіз білмейтіні зияны бар екенін білесіз бе? Бұл туралы Израильдің "Каплан" медициналық орталығының мамандары ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғары қан қысымымен ауыратын адамдарға ішуге кеңес берілетін көк шайды, адамдар көп жағдайда салмақ жоғалту, сауықтыру үшін де тұтынады. Мамандардың мәліметінше, көк шай бауыр үшін ең зиянды шай. Оны үнемі қолдану бауыр жұмысына теріс әсерін тигізеді.
Шай ағашының жапырақтарында бауырға теріс әсер ететін ботаникалық токсиндер бар. Бұл компоненттер кез-келген аурумен ауыратын адамдарды айтпағанда, сау адамдар үшін де қауіпті.
Зерттеуді басқарған профессор Стивен Мельниктің айтуынша, көк шайға деген шамадан тыс құмарлық бауыр жеткіліксіздігінің дамуына түрткі болады.
Мамандар көк шайды дәрі-дәрмектер мен әртүрлі диеталық қоспаларды қабылдау кезінде қатар қолданбауға кеңес береді. Көк шай құрамына кіретін кофеин жүйке аурулары, ұйқысыздық ауруы бар адамдарға кері әсер етеді. Басқа да энергетикалық сусындармен және кофе, алкогольмен араластырмау керек. Сонымен қатар, бұл шай түрін жиі, көп мөлшерде ішетін адамдарда мазасыздық белгілері байқала бастаса дереу дәрігерге қаралған жөн.
Балнұр Жумаділлә
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!