- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көкіректі кесіп, аяқтан...
"Көкіректі кесіп, аяқтан төрт тамыр алып салып қойды". Сәбит Әбдіхалықов денсаулығы туралы айтты
Белгілі актер, сатирик Сәбит Әбдіхалық БазарLike бағдарламасында денсаулығы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі 2016 жылы инфаркт алған. Актер көрермендерге маңызды кеңес те берді.
"2016 жылы инфаркт алдық. Одан кейін 4 жылда 5 стент қойдырдым. Инфаркт кезінде 99 пайызға дейін тамыр бітеледі. Инфаркт болғанда қазір жап-жас жігіттер қайтыс болып кетеді ғой. Солар "көкірегі ауырды деп оянбай қалды, жүріп кетті" дейді. Құрметті көрермендер, көкірек күйе, ауыра бастаса, ауруханаға жүгіріңіздер. Жедел жәрдем күтпеңіздер. ...Запас демекші, көкіректі кесіп, жүректі демалтып, жуып-тазалап, ішіндегі жаман нәрселерді алып тастап, аяқтан төрт тамыр алып, запас салып қойды. Сөйтіп қайта жауып қойды. Құдайға шүкір, қазір күтіну керек", - деді актер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова