Көкпекті - Нұра аралығында бейтаныс біреулер рельстің бекіту болттарын ұрлап кеткен

Көкпекті - Нұра аралығында бейтаныс біреулер рельстің бекіту болттарын ұрлап кеткен
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

2024 жылғы 24 қарашада Көкпекті - Нұра аралығында теміржолшылар ұзындығы 500 метр учаскеде рельстің ішкі жағынан бекіту болттарының ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан теміржолы" баспасөз қызметінің хабарлауынша, 131 бекітпенің ұрлануы пойыздардың қауіпсіздігіне қатер төндірген, бұл вагондардың апатқа ұшырауына әкелуі мүмкін еді.

"Теміржолшылар ІІЖБ (Ішкі істер желілік бөлімшесі) қызметкерлерін дереу хабардар етісімен олар оқиға орнына жедел жеткен. Салдардың алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы учаскеде пойыздардың жылдамдығын уақытша шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

ҚТЖ теміржолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдағанын мәлімдеді.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай 2024 жылғы 3 қарашада Отар - Шилібастау аралығында тіркелді, онда белгісіз адамдар жолдың жоғарғы құрылымының 2745 бірлік материалын (SKL-14 бекіткіштері, бұрандалар, бұрышты бағыттағыштар, серпімді клемдер) ұрлап әкетті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан