- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көкбеттік жоқ". Актриса...
"Көкбеттік жоқ". Актриса Дариға Бадықова ата-анасы туралы айтты
Танымал актриса Дариға Бадықова әкесі мен анасы туралы айтып, марқұм әкесін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Папам марқұм ауырып қанша қиналса да бір қабақ шытпайтын, күліп отыратын. Менің көп тұсым папама ұқсайды. Бәріне сабырмен қарайтыным, әрдайым әрекетте жүретінім, қиыншылық болса қасқайып тұратыным, көпшілдігім. Мен анандай адаммын, қара аспанды төндірмеймін. "Енді не істеймін?" деп қол қусырмаймын. Тек Құдайдың бергеніне өмір сүремін. Папам да біреуге тәуелді болғанды ұнатпайтын. Өзіме қарап папам есіме түсті", - деп әкесін есіне алды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Актриса анасы туралы да ақпарат беріп өтті. Оның айтуынша, анасының мінезі қиын екен.
"Мамам қой маған ұқсайсың дейді. Іштей келіспеймін ғой. Мамам жан-жағындағыларды қырады. Бәрімізге айғайлап ше. Мен ауырып жұмысымда шешілмей жатқан дүниелер болса да, дымымды шығармаймын. Көкбеттік жоқ. Тез әрекетке көшіп әрі қарай жүре берем. Ауырмаңыздар", - деп жазды Дариға Бадықова өзінің ауырып жатқанын хабарлап.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева