Кокаин, мефедрон: Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды

Кокаин, мефедрон: Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды

Алматыда арнайы синтетикалық психотроп заттарды бірнеше рет сатты деген күдікпен 30 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктіні жеке тінту барысында құрамында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат салынған 44 байлам тәркіленген. Ал ұсталған әйелдің көлігінен есірткіні орау және бөлшек саудада сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар кокаин және мефедрон болып шықты.

"Жалпы салмағы - шамамен 400 грамм. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медеу аудандық полиция басқармасы есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты тергеу мүддесіне орай жария етпеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!