- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көк Төбе" маңында...
"Көк Төбе" маңында қасақана өрт қойды деген адамның видеосы тарады
"Көк Төбе" маңында қасақана өрт қойды деген адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы ПД Бостандық ауданы Полиция басқармасының мәліметінше, видеоға түсірілген жер анықталған.
Бүгінде полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады.
Еске алайық, бүгін Алматыда Көктөбе тау бөктерінде өрт шыққан болатын. ТЖД мәліметінше, жедел шаралардың арқасында 20:22-де өрт толық оқшауланған. Өрт толығымен 20:35-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 19 бірлік өрт сөндіру техникасы мен суару техникасы және 130 адам жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина