- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көк шай мына...
Көк шай мына аурулардан қорғайды..
Көк шайды үнемі ішу қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың даму қаупін азайтады. Бұл шай бұдан бөлек тағы қандай аурулардан қорғайды?
Қара ашытылған, сондай-ақ көк немесе ақ ашытылмаған шайлардың құрамында В1, В2, РР дәрумендері, А продәрумені, минералдар, органикалық қышқылдар, танин, кофеин, сондай-ақ катехиндер мен теафлавин секілді жоғары антиоксиданттық белсенділігі бар элементтер бар. Дегенмен, көк шайдың кейбір сортынан демделген бір стақан шайындағы кофеин бір кесе кофеге тең.
Осыған байланысты кофеинге сезімталдығы жоғары адамдар қара шайға жақсы төзеді, себебі оның құрамында кофеин мөлшері төмен.
Ал құрамында кофеині бар сусынды, соның ішінде шайды шамадан тыс тұтыну жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесіне, ал танин асқазан-ішек жолдарының жұмысына және темірдің сіңімділігіне теріс әсер етуі мүмкін. Ал қою демделмеген шайдан күніне 3-5 кесе ішуге болады.
Ең пайдалы шай ретінде жаңа демделген шайды айта аламыз, өйткені оның құрамында биологиялық белсенді заттың мөлшері жоғары. Алайда, егер сіз оған қант, кілегей, тосап қосатын болсаңыз, пайдасы азаяды. Сондай-ақ, шайды кондитерлік өнім, тәтті, тіскебасармен бірге ішуге болмайды. Мұның бәрі шамадан тыс тамақтануға, қарапайым көмірсудың көп тұтынылуына әкеп соқтырады, салдарынан артық салмақ, семіздік және онымен байланысты аурулардың даму қаупі жоғарылайды.
Тәтті тоқашқа пайдалы балама ретінде шайға әр түрлі жаңа піскен, кептірілген немесе мұздатылған жеміс-жидек қосуға болады. Бұл сусынның дәмін түрлендіріп, қанттан бас тартуға көмектеседі және диетаны пайдалы қоректік заттармен қосымша байытады.
Айта кетейік, бұған дейін жүктілік кезінде қандай шай ішуге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Литромантик деген кім?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә