Көпшілік арасында "көк шай арықтауға көмектеседі" деген пікір бар. "Проверено" басылымы оның қаншалық рас екенін тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.
Көк шайдың арықтауға көмегі туралы бірқатар медиа жазды.
Адамдың денесі бір зат не сусын қабылдағаннан емес, калория тастағаннан арықтайтынын ескеру керек. Көк шай сиқырлы сусын емес. Дегенмен арықтағысы келетін адам үшін көк шай ішкеннің пайдасы туралы кейбір дәлел де бар.
2009 жылы Маргарет патшайым атындағы Эдинбург университетінің бір топ ғалымы дені сау 12 еріктіден екі апта бойы төрт кесе Мао Цзянь жасыл шайын ішуді сұрады. Қандағы холестерин деңгейі, қан қысымы, дене салмағының индексі (BMI) және дене майының пайызы эксперимент алдында, бір аптадан соң және екі аптадан кейін өлшенді. Нәтижесінде көк шайды екі апта ішкен адамдардың (жоғарғы) қысымы 7,1 милиметр сынап бағанасына, ал орташа диастолалық (төменгі) қысымы 7,8 мм сын.бағанасына төмендеген болып шықты. Орташа аш қарынға жалпы холестерин деңгейі тәжірибенің басындағыдан 0,5 ммоль/л, BMI 0,34 кг/м2, дене салмағы 0,96 кг және дене майының пайызы 2,36 пайыз төмен болды.
Дегенмен ғалымдар өз тұжырымдарының шектеулеріне баса назар аударды. Біріншіден, үлгі тым аз болды. Екіншіден, эксперимент өте қысқа болды. Үшіншіден, зерттеуге тек семіздік, оған әкелетін жаман тамақтану әдеттері немесе соматикалық аурулары жоқ сау адамдар ғана қатысты.
Британ ғалымдары 2015 жылы зерттеу жүргізіп көрді. Экспериментке дене салмағы қалыпты 14 ер адам қатысты. Олар бір ай бойы плацебо немесе құрамында кофеинсіз жасыл шай сығындысы бар капсула ішті. Эксперимент басында, ортасында және соңында олар велосипед эргометрінде бір сағат бойы жаттығу жасады, ал ғалымдар еріктілердегі майдың тотығу жылдамдығын тіркеді. Нәтижесінде ғалымдар спортпен белсенді түрде айналысатын адамдарға көк шайдың пайдалы екенін байқады.
Жасыл шайдың құрамындағы катехиндер мен кофеин қалыпты дене салмағы бар адамдарға да, толық адамдарға арықтауға да көмектеседі. Дегенмен зерттеу нәтижесі бойынша, жасыл шайды үнемі тұтыну кезінде дене салмағы мен көлемі аздап азаяды, сондықтан бұл сусынның өзі адамның дене бітіміне айтарлықтай әсер етеді деп ойламау керек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз