Танымал актриса Фариза Ескермес басқа ұлт жігітімен кездесіп жүргені үшін сынға алған оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса сүйіктісімен түскен видеоны Instagram-парақшасында жариялаған.
"2023 жылды сенімен қарсы алатыныма қуаныштымын, көк көзім. Құдай қаласа, сенімен мәңгі бірге боламын", - деп жазған Фариза Ескермес.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі актрисаны қолдап, бақытты болуын тілесе, енді бірі "қазақ таппаған ба?" деп сынап тастады.
"Орыстан басқа жігіт таппай қалдыңыз ба?" "Отписка. Намысы жоқ", "Әке-шешесі қайда қарап жүр екен?", "Сіздің ақылыңыз, сұлулығыңызға әрдайым тәнті болып жүретінмін. Бірақ орысты таңдап қате шешім жасадыңыз", - деп жазған пікір қалдырғандар.
"Мұндай қисынсыз нәрсе жазатындар демек, махаббатты сезінбегенсіздер. Демек, әлі көп қиындықтан өту керек. Менің адамдарыма тиіспеңдер. Мен ата-анамды да, сүйіктімді де ренжітіп жатқанда қарап тұрмаймын. Айнаға қарап өзіңізді дамытыңыз, мені сынайтындай кімсіз?" - деп жазды Фариза.
Ол бір кездері көп адамды қабылдай алмағанын мойындады, сондықтан ол ешкімді айыптамайды, бірақ барлығына бақыт тілейді.
"Рахаттанып өмір сүріңіз, сүйіңіз, махаббат сыйлаңыз, не болды сонша жынданатындай, өмірден ләззат алыңыз. Өміріңіз алдыңызда, қанша жыл бойы сізді қуантайын деп күтіп келеді. Ал сіздер әлі де біреуді сынап-мінейсіз. Жетер, шаршамадыңыз ба?" - деп жазған актриса Stories-інде.
Фариза Ескермес - қазақстандық актриса. Ол "Бажа", "Дала қырандары", "Найзағай" сериалдарына түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!