- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көгермеген жері жоқ"....
"Көгермеген жері жоқ". Әйел 3 жасар қызды сабап өлтірген
Фото:
elements.envato.com
Өзбекстанда әйел 3 жасар қызды сабап өлтірді, - деп хабарлайды Gazeta.uz.
Жизақ облысы Пахтакор ауданында анасы жағынан туысқан болатын әйел 3 жасар қызды сабап өлтірген. Прокуратура қылмыстық іс қозғаған.
Ведомство мәліметінше, қыздың анасы 2020 жылы Түркияға кетіп, қызын туысының қамқорлығына ешқандай құжатсыз қалдырған.
Әйел қызға қасақана ауыр жарақат салған, содан кейін ол есінен танып, 13 тамызда ауруханада қаза болған.
"Қыздың денесінде көгермеген жері жоқ. Оның оң қолы сынған, көздері көгеріп, ісінген", - деп жазған "Даре" басылымы.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 104-бабы 3-бөлігінің "Д" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ж. Қадыржанова