Қоғамдық ұйым мүшесі алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді

Қаржы мониторингі агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеп тексеруді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 миллион теңгеден аса қаражат алған деп күдікке ілінді.

Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды.

Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындады.

Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!