- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қоғамдық сананы жаңғырту...
Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мәселелер талқыланды
1 қазан күні Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың төрағалығымен "Азаматтық алаң" талқылау клубының отырысы өтті. Онлайн форматта өтен жиында қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мәселелер көтерілді.
Кеңеске сараптамалық және ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мәселелер мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша жобалар талқыланып, ұсыныстар жарияланды.
"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының басшысы Данияр Есин институт қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жаңа бағыттар мен оларды іске асыру жолдарын әзірлеуде ауқымды жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, "100 жаңа оқулық" жобасы аясында оқу орындарына қазақ тілінде жарыққа шыққан үздік ғылыми әдебиеттері табысталып, пәндерді енгізудің Жол карталарының бекітілгеніне және OpenU университетінің ашық порталында 156 бейнедәріс құрылған.
"Қазір Қазақстанның киелі нысандары бойынша 253 туристік бағыт және 128 археологиялық экспедиция әзірленді. Негізгі нысандар бойынша фильмдер топтасы Біріккен ұлттар ұйымының алты тілінде "Discovery", "Viasat history" және "National Geographic" телеарналарында көрсетілді.
Шетелде Қазақстан әдебиетінің 28 орталығы ашылды. Оның ішінде Қытай, АҚШ, Түркия, Ресей, Финляндия, Корея, Малайзия, Венгрия, Швеция және тағы басқа елдер бар, - деді "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының басшысы Данияр Есин.
Талқылау қорытындысы бойынша Бағдарламаны жетілдіру және одан әрі тиімді іске асыру жөнінде нақты бағыттар мен жаңа тәсілдер қалыптастырылды.