- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кальян туралы
Қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазаға тартылып жатыр
Ақтөбеде полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы заңды бұзғандарды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, рейд барысында танымал демалыс орындары мен ойын-сауық орындары тексерілген. Бір күнде полицейлер облыс орталығының ойын-сауық орындарында 10-нан аса деректі тіркеді.
"Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 4 әкімші және кальян шеккен 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты. 18 кальян тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Елімізде кальян шегуге салынған тыйымға қатысты заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейд жалғасып жатыр. Полиция азаматтарға заңды сақтауға, тыйым салынған және денсаулыққа зиян заттарды пайдаланудан бас тартуға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін де Ішкі істер министрлігі кальянға қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанын еске салды.
Кальянға толық тыйым салынады: Денсаумин мән-жайды түсіндірді
Сондай-ақ Таразда кальян ұсынатын дәмханалардың иелері жазаланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова