- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кальян зардабы
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
Ел бойынша полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйымды бұзғандарды анықтау үшін рейдтер жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 қыркүйектен бастап өткізіліп келе жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ойын-сауық орындарында кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталды. 25 млн теңгеге айыппұл салынды.
Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес темекі өнімдерін, оның ішінде кальянды тұтынғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Қазіргі уақытта ІІМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп кафе мен мейрамхана иелерінің өз мекемелерінде кальян шегу фактілерін болдырмау жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін пысықтап жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина