- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қоғамдық орында алкоголь...
Қоғамдық орында алкоголь ішуге бола ма?
Көшеде сыра ішуге бола ма? Кейбір адамдар "Саябақта сыра ішіп отыр едім, құзырлы орган өкілдері келіп айыппұл салды, бұл заңды ма?" деп сұрақ қойып жатады. Осы туралы заңгер Эльнура Кишкенебаева TikTok-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, заң бойынша қоғамдық орында сыра немесе басқа алкоголь ішкен азаматқа айыппұл салынады.
"ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 440-бабына сәйкес, азамат қоғамдық орында алкогольдік сусын ішкен немесе масаң күйде жүрген болса, оған бес АЕК көлемінде айыппұл салынады", - деді заңгер.
Заңгер оқырмандарына осы себеппен қоғамдық орында тәртіп бұзбауды ескертті.
"Сондықтан, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде жүрмеңіз", - деп аяқтады Эльнура Кишкенебаева.
Айта кетейік, бұл бап 18 жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.
Сонымен қатар, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер 10 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауқа алуға алып келеді.
Еске салайық, бұған дейін қоғамдық орында сүйіскендерге қандай жаза қолданылатынын жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұмытшақтық неден пайда болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә