• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қоғамдық көліктердегі заңсыз төлемдер: жолаушылар не істеуі керек?

Қоғамдық көліктердегі заңсыз төлемдер: жолаушылар не істеуі керек?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

2024 жылдың 3 тамызынан бастап Қазақстанда қолма-қол төлем жүйесі ресми түрде алынып тасталды. Десе де, жолаушылар әлі де қолма-қол төлем қабылдайтын жүргізушілердің барын айтады. Бұл қаншалықты заңды? Мұндай әрекетті байқаған жолаушылар не істеуі керек? Massaget.kz тілшісі заңгерден кеңес алды. 

Жүргізушілердің заңсыз әрекетіне кім жауапты?

Заңгер Қуат Ауғанбектің айтуынша, автобус жүргізушілерінің бұл әрекеті үшін автопарк жауапты болады. Жүргізушілер мен автопарк арасындағы келісімшартқа сәйкес, мұндай заңсыздық үшін жұмыс беруші тарапынан жаза немесе айыппұл қарастырылуы мүмкін.

"Автобус жүргізушілерінің заңсыз әрекетіне автопарк жауапты болады. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімшартқа қарай жаза, айыппұл белгіленеді. Егер келісімшартта көзделген ережелер бұзылса, автобус жүргізушілері жазаланатын болады" – дейді заңгер.

Ол сондай-ақ жүргізушілер жолда кетіп бара жатып, қолма-қол төлем қабылдауға уақыт бөлу арқылы апатты жағдай туындатуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан бұл талап жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін енгізілген.

Жолаушылар не істеуі керек?

Егер жолаушы қоғамдық көлікте қолма-қол төлем қабылданып жатқанын байқаса, келесі әрекеттерді жасай алады:

  • Заңбұзушылықты видеоға түсіру. Бұл дәлел ретінде қажет болады;
  • Автопаркке шағым түсіру. Видео немесе фотодәлелдермен бірге автопарк басшылығына хабарласу керек;
  • Жергілікті әкімдікке немесе көлік басқармасына шағым беру. Бұл да жағдайдың шешілуіне ықпал етеді;

Жүргізушілер қандай жаза арқалайды?

Автопарк өз ережелеріне сәйкес жүргізушіге ескерту, айыппұл немесе жұмыстан шығару шараларын қолдана алады. Егер бұл әрекет жүйелі түрде қайталанса, автопаркке де белгілі бір деңгейде әкімшілік жауапкершілік жүктелуі мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин