Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу керек екенін айтып, қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаларға тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айжан Аймағанова ішкі істер министрі Ержан Сәденовке депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше, жауапкершілік күшейтілгенімен, қайғылы жағдайлар тоқтар емес.
"Кейінгі бірнеше айдың өзінде қоғамды дүр сілкіндірген бірнеше оқиға болды. 13 шілдеде Абай облысында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлова көптеген пышақ жарақатынан қаза тапты. 23 қыркүйекте Астанада екі баланың анасы Жазира Адауованы бұрынғы жұбайы өлтірді. Осы орайда қолданыстағы қорғау тетіктері зорлық-зомбылық болғаннан кейін ғана әрекет етпей, қауіпті алдын ала анықтап, оның жолын кесуге қаншалық мүмкіндік береді деген маңызды сұрақ туындайды. Оған құқықтық та, цифрлық та мүмкіндік бар. Ендігі міндет - сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, қауіпті дер кезінде анықтау", - деді ол.
Депутаттың сөзінше, мұндай тәжірибе шет мемлекеттерде, соның ішінде Францияда қолданылады.
"Бұл үшін жаңа әрі қымбат ақпараттық жүйе құрудың қажеті жоқ. Қазақстанда профилактикалық есепке алу мен электрон бақылау тетіктері бар", - деді ол.
Айжан Аймағанова мынадай ұсыныстар жасады:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!