- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қоғамда алауыздық тудырады...
"Қоғамда алауыздық тудырады деп ойламаймын" - Депутат киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастар туралы
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Иә, мен ол видеоны көрдім. Бір би қоғамда алауыздық тудырады деп ойламаймын. Әркімнің өз ойы бар. Әркім әрқалай айтады. Сондықтан бұл видео қоғам үшін айтарлықтай қауіпті деп ойламаймын.
Бұл жағдайды көбіне блогерлер, діни адамдар әлеуметтік желіде ушықтырып жіберді", - дейді Ермұрат Бапи.
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киіз үйде би билеп, қоғам назарын аудартқан видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Балаева киіз үйде би билегендердің әрекеті қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Желіде киіз үйде ұлттық киім киіп билеген қыздардың видеосы тараған еді.
Желі қолданушылары киіз үйде мұндай би билеу қазақ мәдениетін қорлайтынын жазған. Олар видео қатысушыларына жаза қолдануды талап етіп, түрлі пікір қалдырды.
Кейін би билегендердің бірі жігіт болып шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина