- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қоғам, сөкпеңіздер". Дина...
"Қоғам, сөкпеңіздер". Дина Төлепберген гей клубта болғаны үшін қызметтен қуылған қос мұғаліммен кездесті
Танымал журналист, "Астарлы ақиқат" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген Түркияда гей клубта болғаны үшін қызметтен қуылған қос мұғаліммен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізуші бұл туралы Желідегі парақшасында жазды.
"Түркияда гей клубта болғаны үшін қызметтен қуылған қос мұғалім.
Біреуі бойдақ, біреуі екі баланың анасы. Біреуі үш жыл, біреуі жеті жыл бойы ағылшын пәнін оқытқан.Айтуларынша, шу шыққан соң, мәжбүрлі түрде арыз жаздырып, жұмыстан шектеткен.
Қармақшы ауданының N250 мектептің басшылығы, Қызылорда облыстық білім басқармасы әділдікпен бірге болуы тиіс.
Олар түнгі клубқа демалыс уақытында барып 40 минут қана көңіл көтердік, біржынысталардың орны екенінен бейхабар болдық дейді.
Ал көрермен, жеке уақыттағы жеке өмірі үшін жұмыстан шығарған директордың ісі орынды ма?", - деп жазған журналист.
Мұғалімдердің сөзінше, істің қалай болғанын көпшілік білмейді.
"Шын мәнінде, істің қалай болғанын ешкім де білмейді. Ол видеода біз жалаңаш емеспіз, біз билеп тұрған жоқпыз, жұрт неге осыны түсінбейді? Неге бірден басқаша ойлайды? Біз жай ғана тұрдық", - деп көзіне жас алды қос мұғалімінің бірі.
Ал Дина Төлепберген мектеп директорының бұл ісін дұрыс емес деп санайтынын жеткізді.
"Сіздердің көз жастарыңызды көріп, өзім ағыл-тегіл болдым. Бұл ұстаздардың ғана емес, әйелдердің, қыздардың құқығының тапталуы ғой негізінде. Мектеп директоры, керісінше, видеоны көрсе де, "ол менің ұжымымда жұмыс істейтін қыздар, ұстаздар, тәжірибесі бар. Ата-аналар ол қыздар туралы мына нәрсені айтып жатыр, қоғам сөкпеңіздер" деп айтатын орны бар ғой негізінде, қорғау керек", - дейді тележүргізуші видеода.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында екі мұғалім трансвеститтерге арналған клубқа барғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Коваленттік байланыс дегеніміз не? Коваленттік байланыстың неше түрі бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә