Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды

Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қайғылы хабарды саясаттанушы Ерлан Саиров растады.

Серікболсын Әбділдин – саясаткер, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған.  1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен.

1995 жылдан Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарған.

Серікболсын Әбділдин 1999 жылғы президент сайлауында кандидат атанды. Сайлау нәтижесінде 857 386 дауыс (11,7 процент) жинап, Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі екінші орынды алды.

Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.

Massaget