Желіде Ұлытау облысының орталығында тегін бургерге таласқандар түсірілген видео тарады. Видео ZTB Instagram-парақшасында жарияланды.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Видео Желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен.
"Бұрыннан белгілі ғой, Қазақстанда тегін нәрсе таратуға болмайды", "Аш болсаң, өзіңе ұқсамайсың", "Қоғам дерті...", "Бұл халықтың бүгінгі әл ауқатының көрсеткіші" - деп жазған видеоға пікір білдірушілер.