Біраз уақыттан бері кофеге деген тәуелділіктен құтыла алмай жүрсеңіз, сарапшылар кофені алмастыра алатын балама сусындар тізімін жасады. Олардың айтуынша, бұл сусындар кофе ішуден біржола бас тартуға көмектесе алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шөп кофесі. Бұл цикорий тамыры, какао, шөп пен жидектердің қоспасы. Оның құрамында кофеин жоқ, бірақ дәмі эспрессоға ұқсайды. Ұнтақ тотығу стрессімен күресуге көмектесетін антиоксидантқа бай.
Жасыл шырын. Қант аз қосылған көкөністен дайындалған смузидің ешқандай жанама әсері болмайды, оған қоса тұрақты түрде энергияны бірқалыпта ұстап тұрады.
Үй жағдайында әзірленген какао. 100 пайыздық какао-ұнтағы, даршын мен сүт қосындысы кофенің орнын баса алады. Какао антиоксидант пен магнийге бай, сонымен қатар ас қорыту жүйесінің жұмысын қолдайды.
Нәрлендіретін ақуыз коктейльдері лезде сергектік, қуат береді және бұлшықет жұмысын жақсартады. Коктейльдер ең қарбалас күнде де өзіңізді жігерлі сезінуге көмектеседі.
Лимон қосылған жылы су шөлді қандырып қана қоймай, сондай-ақ иммунитетті нығайтуға және теріні жақсартуға көмектеседі, себебі оның құрамында С дәрумені бар.
Ройбос секілді шөп шайлары ағза мен ас қорыту жұмысын қолдап, энергияны арттырады.
Комбуча (чайный гриб). Ашытылған сусындар ішекті пайдалы бактерияға байытады, бұл жалпы денсаулыққа оң ықпал етуі мүмкін. Өйткені, ішектегі жақсы бактериялар қоректік заттардың сіңуіне ықпал етіп, иммунитетке көмектесіп, тәбетті бақылайды
Айта кетейік, бұған дейін күн сайын аш қарынға кофе ішсе, асқазанға не болатыны хабарланған болатын.
Кофе асқазаныңызды күйдіріп жатқандай сезім тудыруы мүмкін, бірақ тек гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы бар адамдарда. Дені сау адамда мұндай сезім тууы екіталай, өйткені асқазан қанша қышқыл шығарса да, ол екі мүшенің арасында сфинктердің болуына байланысты өңешке енбейді.
Асқазан сфинктерінің тонусы мен моторикасын қалпына келтіру үшін дәрігерлер өңеш пен асқазанның қалыпты моторикасын қалпына келтіретін итомед тобындағы препараттарды тағайындайды. Бұл дәрі-дәрмектерді өздігінен қолдануға болмайды.
Осылайша, аш қарынға және сау адамның асқазанына кофе ішудің зияны жоқ болғанымен, тұрақты негізде ішуден аулақ болған абзал. Бірақ асқазаны ауыратын адамға аш қарынға кофе ішу қауіпті.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мюнхгаузен синдромы деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!