- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кофе ішкеннен кейін...
Кофе ішкеннен кейін басыңыз ауыра ма? Оның негізгі 4 себебі
Қазір көпшілік адам кофе көп ішеді. Кей адамдардың таңертең кофе ішкеннен кейін басы ауырады. Кофе ішкеннен кейін бас не үшін ауыруы мүмкін?
Кофеин – күшті ынталандырғыш, ол тек кофеде емес, шайда, шоколадта, энергетикалық сусындарда және т.б өнімдерде болады.
Мына жағдайларда кофеден кейін бас ауыруы мүмкін:
- Аданың кофеинге сезімталдығы жоғары. Кей адамдарда кофеин жағымсыз сезімдер тудырады.
- Кофені көп ішу;
- Кофеге аллергиясы бар;
- Кофеиннен бірден бас тарту немесе кофеиннің мөлшерін азайтып тастау;
Күніне неше кесе кофе ішуге болады?
Күніне ішуге болатын кофе мөлшері көптеген факторларға, соның ішінде жас, салмақ, жыныс, өмір салты және жалпы денсаулыққа байланысты. Әдетте күніне 400 мг-нан артық кофе ішпеу ұсынылады. Ол шамамен 3-4 кесе кофе.
Бірақ егер сізде қандай да бір медициналық проблемалар болса, мысалы жоғары қан қысымы, жүктілік немесе ұйқы проблемасы кезінде кофеинді бұдан да аз қолдану керек.
Неліктен Сүлеймен Сұлтан кофе ішуге тыйым салған?
А. Жапатова