"Кофе сатып аламын дегенше". Қостанай облысында белгісіз біреулер ер адамның көлігін ұрлап кеткен

Қостанай облысында Лисоковскідегі жанармай құю бекетінде ер адам кофе сатып аламын дегенше белгісіз біреулер оның көлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Денисов ауданының тұрғыны жанармай құю станциясына тоқтап, кофе сатып алып шыққанда көлігін таппай қалған.
 
Жәбірленуші дереу полицияға жүгінді. Көлікті ұрлаған адам 1 сағаттың ішінде ұсталды. Көлік Лисаковск қаласынан 10 шақырым қашықтықта табылды. Күдікті - сол ауылдың тұрғыны. Полиция көлікті заңды иесіне қайтарып берді, ал ұсталған адамға қатысты соталды тергеу басталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз