Көбінесе жастарда кездесетін жүрек ауруының 5 белгісі

Көбінесе жастарда кездесетін жүрек ауруының 5 белгісі
Фото: depositphotos.com

Кардиолог Денис Соколов жүрек ауруын көрсететін және маманның шұғыл кеңесін қажет ететін 5 белгіні тізімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

"Көптеген адам жүрек проблемалары тек егде жастағы адамдарда болады деп санайды, бірақ аурудың алғашқы белгілері әлдеқайда ертерек, тіпті салыстырмалы түрде жас кезінде пайда болуы мүмкін", – деп ескертті дәрігер.

Ол алғашқы белгінің қатарына тұрақты шаршауды қосты. Денис Соколовтың сөзінше, егер жүрек қанды тиімді айдай алмаса, бұлшық еттер оттегі мен қоректік заттарды қабылдамайды. Осыған байланысты адам тез шаршайды және ыңғайсыздық сезінеді.

Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, жүрек ауруы кезінде төс сүйегінің артында ауырсыну немесе күю сезімі пайда болады. Ол көбінесе ауырсыну сол иықта немесе қолда сезіліп, демалғаннан кейін кететінін түсіндірді.

Кардиолог үшінші белгі ретінде жүру немесе физикалық жұмыс кезінде пайда болатын ентігуді атады. Егер тыныс алу қиындықтары тыныштықта отырған кезде де пайда болса, онда бұл жүректің жеткіліксіз жұмысына байланысты тіндердің оттегі ашығуын көрсетуі мүмкін.

Ісіну және тамыр ырғағының біркелкі болмауы да ауыр бұзылулардың белгілері болуы мүмкін.

Маман осындай белгілер пайда болған кезде дәрігерге шұғыл баруды ұсынды, өйткені бұл ағзада ақаудың бар екені туралы нақты белгі береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә