- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көбіне абьюзер жігіттердің...
Көбіне абьюзер жігіттердің еркектік гормоны төмен болады - Маманмен сұхбат
Ерлерді сымбатты ететін қандай жаттығулар бар? Нағыз еркектік гомоны мықты ер деп кімді айтамыз? Қай уақытта жаттығу жасаған ағзаға тиімді? Massaget.kz тілшісі фитнес жаттықтырушы Дильшат Қайратпен сұхбаттасты.
- Қазақстан еркектерінің тестостерон гормоны жалпы мәз емес деңгейде. Сіздің ойыңызша, жалпы адамдардың гормондық өзгеріске дейін әкелетін әдеттер қандай? Өзіңіз пациентеріңізден не байқайсыз?
Бұл тенденция тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде көрініс тауып отыр. Тестосторен деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді. Деректерге сүйенсек, соңғы 50 жылда тестосторен гормоны 50 пайызға дейін төмендеген. Ол дегеніміз - 50 жыл бұрынғы 35-40 жастағы ерлердің тестостероны қазіргі 20-25 жастағы жастармен тең деген сөз. Ал, тарихқа үңілсек, біздің ата-бабамызда аталған гормон генетикалық жағынан жоғары болған. Оған себеп сол кездегі жағдай. Яғни елі мен жері үшін ата-бабамыз көп соғысқан және физикалық белсенділік көп болуына байланысты үнемі бәсекеде жүрген. Мұндай жағдайда тестостерон жоғары болады. Ал, қазіргі таңда өміріміз комфорт, физикалық қозғалыс аз, сондай-ақ тамақ пен ұйқы режимі бұзылған. Бұл өз кезегінде тестостеронның төмендеуіне алып келді. Қазіргі күнделікті әдет ер адамның гормонының түсуіне алып келеді. Мәселен, таңертең тура сала тоңазтқышты ашып, тамақ жейді. Бұл жерде ешқандай күрес пен бәсекелестік жоқ, оның үстіне қазіргі тағамдардың бәріне қант қосылады, бұл да өз зиянын тигізеді.
- Қазақстанда порнографиялық сайтқа тіркелгендердің де саны көбейіп барады деген дерек бар. Әлеуметтік желіде де осы сұрақ жиі талқыланып жүр. Жалпы еркек еркек бола түсуі үшін нәпсісін қалай тыюға тиіс?
Гормондар жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ, дофамин гормоны кез келген эмоция беретін әрекетке мотивацияны оятады. Яғни үлкен эмоция беретін әрекеттердің бірі – жыныстық қатынас. Ол адамдардың жабайы(Еск – хайуандық) түйсігінде бар қалауы, оған дофамин гормоны энергия тауып беруге дайын. Ол гормон есірткі сияқты жұмыс істейді және бірте-бірте эмоция беретін әрекеттердің қайталанғанын қалайды. Соның иллюзиясын беретін порнографиялық бейнелер. Мұндай бейнені жиі көріп, маструбацияға баратын ерлердің тестостероны төмен болады, себебі жасырын әрекет пролактин гормонын көтеріп жібереді. Бұл кезде тестостерон төмендейді. Соңғы деректерге сүйенсек, ғалымдардың айтуынша, порнографияға тәуелді адамның өміріне кейін отбасылық өмірі және жалпы өмір сапасы қиындауы мүмкін.
Біз психологиялық жағынан бәрін дұрыс түсінуіміз керек. Жаман әдетті жасауға сізде уақыт болмауға тиіс. Яғни өзіңізді тәуелдімін деп ойласаңыз, уақытыңызды бос өткізбеңіз. Өмірде күнделікті салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, білім алыңыз. Бұл бейнелерді көруге мүмкіндік болмайтындай жағдай жасауға тиіссіз.
- Жалпы, адам алғашқы рет жаттығу залына келгенде өте тез арықтайды, алайда бұл процесс кейін тоқтап қалады. Неге олай? Мұны болдымас үшін не істеу керек?
Кез келген адамда адаптация процесі жүреді. Яғни адам тамақтануға бейімделеді, физикалық жаттығуларға да бейімделгіш келеді. Мәселен, адам залға алғашқы рет келсе, ол арықтағысы келген адам үшін жаңа дүние. Ол жаттығуға кірісіп, күнделікті жейтін тамағын реттеп барыап, кіріседі. Иә, басында салмағыңыз бірте-бірте түседі, дегенмен уақыт өте келе ағзаңыз оған да бейімделіп, салмақ тастай алмай қаласыз. Енді тағы да салмақ түсіру үшін басқа да өзгерістер жасау керек. Жалпыға бірдей ереже бар -егер үнемі прогрес болмаса, нәтижеге жету қиын. Сондықтан арықтағысы келетін адам асығып-аптықпауға тиіс. Басында тұтынатын қант мөлшерін азайту керек, кейін физикалық белсенділікті арттырыңыз немесе күніне 10 мың қадам жасауға болады. Кейін ақырын-ақырын физикалық жаттығуды да, тамақтануға жаңа ереже бекіте бастайсыз. Бәрінен бірден бас тартудың керегі жоқ, егер нәтижені қалайтын болсаңыз бірте-бірте азайтып, күш қоса беру керек. Жалпы, адам ағзасы салмақ тастағанды жақсы көрмейді. Өйткені ағзаның өзін-өзі сақтауы мен қорғауы бар. Сондықтан адамға салмақ тастау қиын.
- Бұлшық етін тез шығарғысы келетін жастар көп. Олар түрлі дәріге, табиғи қоспаларға қызығып жатады. Бірнеше жыл сондай дәрі ішіп ағзаны үйреткен қаншалықты дұрыс?
Көбіне жасөспірімдер адамның асқа деген зауқын ашатын дәрілерге және анаболикалық стероидтарға қызығады. Олардың ешқайсысын тұтынуға кеңес бермеймін. Өйткені адамның метоболизміне, ішкі асқорту жүйесіне әсер ететін дәрумендердің бәрі түбі денсаулыққа зиян болып келеді. Ал, табиғи қоспаларды қолдануға болады, оның ішінде протеинді айтуға болады. Ол бізде табиғи болып саналды, себебі протеин аққуыздың ұсақталған түрі. Ал, жаттығу залына барып, денемді өсірем дейтіндер азаматтар ағзасындағы дәрумендердің дефицитін толтыруға тиіс. Көп адам витамин D3, магний цитрат және тестостерон гормонына әсер ететін цинк ішуге болады. Осы секілді табиғи витаминдерді қолдануға болады.
- Ерлердің денесін сымбатты ететін топ-3 жаттығуды ұсынасыңыз?
Ең бірінші ерлерге енгізуге тиіс әдет – таңғы жаттығу. Одан кейін отырып тұру ерлердің денсаулығына өте жақсы көмектеседі. Бұл кейбір қоспа дәрумендерден де ерлердің денсаулығы пайдалы. Бір күнде 10-15-тен үш рет қайталасаңыз жеткілікті. Екінші пайдалы жаттығумыз - отжимание және турникке тартылу. Тағы бір кеңесім, ерлерге қанттан бас тарту керек. Одан кейін әр тамақтанудың арасын 4-5 сағатқа созу қажет. Жалпы, үстінде айтқанымдай, таңғы уақытта ерлерде тестостерон гормоны жоғары болады, сондықтан оянған кезде физикалық жаттығу жасамай тұрып, таңғы ас ішпеу керек. Яғни ұйқыдан тұрған соң міндетті түрде физикалық белсенділік керек. Кейін 2 сағат өткеннен соң тамақтану қажет.
- Бір сұхбатыңызда абьюзер еркектердің еркектік гормоны төмен деп едіңіз. Тестостероны жоғары жігіт деген қандай болады? Салыстырып өтсеңіз?
Кейбір адамдар тестостероны қалыпты деңгейдегі болатын ерлер агрессияға бейім болады деп ойлайды, алайда тестостерон гормоны тек либида мен агрессияға жауап бермейді. Бұл гормон – ер адамның тәуекелге баруына, басына жауапкерішілік алуға жәнеде жетістікке жетуіне деген құлшынысты оятады. Өйткені оның тестостерон гормонынан соң оның артынан міндетті түрде дофомин гормоны көтеріледі. Ал дофамин болса, өз кезегінде өмір сүруге деген құлшынысты арттырады. Сондықтан екі гормонның бір-біріне байланысы мол. Тестостероны қалыпты ер өз ісіне фокус қоя алады және өмірінде депрессия апатия секілді құбылыстар болмайды. Жалпы, ерте оянып, дұрыс тамақтанып, өзінің алға қойған мақсатын білетін ер азаматтардың тестостерон деңгейі жақсы болады.
-Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев