Ақмола облысында су айдынын "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір әкімдігі мәліметінше, көлге іргелес аумақта қоршаулар мен ақпараттық тақталар орнатылған. Алдағы уақытта көл аумағында қонақтар үшін арнайы автотұрақ пен шолу алаңдары пайда болады. Бұл қоршаған ортаға зиян келтірмей оны тамашалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көлге қатысты бірқатар шектеу қойылып отыр: көлікпен кіруге, жағалау аумағына баруға, шомылуға, тұз бен емдік балшық жинауға толық тыйым салынады.
Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары мен полиция қызметкерлері аумақты тәулік бойы күзетеді. Бұл шаралар кейінгі жылдары айтарлықтай зардап шеккен көлді сақтауға бағытталған.
Айта кетейік, Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көлі өзінің ерекше қызғылт реңімен танымал. Көлге келетін адам саны жыл сайын артып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова