Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова не үшін өкінетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл сырын ол "Мамский әңгіме" арнасына берген сұхбатында бөлісті.
"Ол кезде жасым 16-да болған. Өзіңді көрсеткің келеді, танымал болғың келеді. Өкіндім. Көбі төсек арқылы, біреу арқылы ұтты деп айтып жатты. Жаныма қатты батты. "Мұнымен айналыспағаным дұрыс еді" деген ой келді. Мисс дегеннің артынан жаман сөз ереді. Иә, әдемі, сұлу қыздар, бірақ жанына тиетін сөз көп. Ешқашан қайтып бармас едім. Сол кезде көреалмаушылық не екенін түсіндім. Өзімді жұлдыз санап кеттім", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Құралай Анарбекова фильміне Нұрлан Сабуровты қанша ақшаға шақырғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасында айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз