Көбі өліп қалған: Қызыл кітапқа енген құстарды аулаған адам ұсталды

Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз аулаған браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 желтоқсанда Бұланды ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мен "Охотзоопром" мекемесінің мамандары бірлескен рейд барысында Байсуат ауылының маңында Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны жабайы құстарды заңсыз аулап жатқан жерінен ұсталды.

Ер адам арнайы тыйым салынған торларды пайдаланып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек құстарының бірі қара басты пайызторғай тұқымдас құстарды аулаған.

Полиция қызметкерлері браконьерден 76 құсты тәркілеп, оның далаға орнатқан торлы шыбықтарын анықтады. Құстардың басым бөлігі торларда қысылып, өліп қалған.

"Алдын ала тергеу барысында күдікті Бұланды ауданы аумағында шамамен 80-ге жуық жабайы құсты ұстап, интернет ресурстар арқылы сату үшін әрекет еткені белгілі болды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталып, тәркіленген құстарға сот-биологиялық зерттеу тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу нәтижесінде күдіктіге қатысты заңды шешім қабылданады.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында жабайы құстарды аулауға қатаң тыйым салынған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!