- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көбі елеске арналған"....
"Көбі елеске арналған". Танымал хиттердің авторы әндері қалай дүниеге келгенін айтты
Мирас Жүгінісов, Amre сынды әншілердің әндерін жазған Саят Рахымжан Paradox YouTube арнасына берген сұхбатында танымал хиттері кімге арналғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір адамдарға не өтімді соны ойлаймын. Болды (музам - еск.). Атын атай алмаймын. Әнші десек болады, өнер адамы десек болады. Өткен-кеткен. Қазір ешқандай сезімім жоқ. Бірақ әндер шықты. Мен мұндай әндерді қалай жазамын? "Ұмыттың-ау мені, енді не дейін" деген (әндерді - еск.). Бір кездері бұл күйді кешпесем бұл сөздер шықпас еді. Менің өмірімде ол қыз болмаса, мүмкін қазір жаза алмайтын едім. "Зымыран" нақты бір адамға арналады деп айта алмаймын. Әндерімнің көбі елеске арналған. Қиялымдағы адамға арналған", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова