Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Жәнібек біраз уақыт туған елінде болып анасын іздеді, алайда визасының мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстаннан кетті. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты тағы бір деректі жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист тағы бір тест нәтижесі теріс шыққанын айтты.
"Болжамды 2-анадан алынған тест нәтижесі тағы да 0 пайыз. Арығарай кеттік. Жәнібек, сенің кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз. Біз тоқтамаймыз", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Кейін "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы Жәнібекке анасын іздеуге көмектесті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!