- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кімдерге шикі көкөніс...
Кімдерге шикі көкөніс жеуге болмайды?
Дұрыс тамақтану ережелерінің бірі – тәулігіне 25-30 гр жасұнық, яғни 400 гр көкөністер мен жемістер жеу. Алайда кей адамдарға шикі көкөністерді жеуге болмайды. Бұл жайлы "Газете.Ru"-ге гастроэнтеролог Евгения Мельникова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол көкөністер – сөзсіз, дәрумендер, минералды заттар және антиоксиданттар көзі екенін айтты. Алайда асқазан-ішек жолы органдарының аурулары кезінде оларды көп жеуге болмайды.
"Асқазан-өңештік рефлюкс ауруы, созылмалы гастрит, асқазан жарасы, аш ішек жарасы ауруы кезінде шикі көкөністерді жеуге қарсы көрсетілім бар. Әсіресе, айқын дәмі бар көкөністерді, мысалы, қызанақ, пияз, сарымсақ, қызыл бұрышты шикілей жемеген дұрыс. Олар ұзақ уақыт қыжылмен қиналуға әкелуі мүмкін", - деп ескертті дәрігер.
Оның айтуынша, созылмалы холецистит, өт қабының және өт жолдарының дискинезиясы кезінде көпшілік шикі көкөністер жегенді жөн көреді, алайда мұндай "майсыздандырылған" рацион өт қабының дұрыс жиырылуын бұзады да, өт қоюлана береді.
"Шикі көкөністер порциясы ішектің қабырғаларын тітіркендіре отырып, оның жиырылуына, моторикасының жоғарылауына және ашуына әкеледі. Әрине, бұл қалыпты реакция. Бірақ егер ішекте қабынуға, тітіркенуге, бактериялардың көбеюіне, моториканың бұзылуына байланысты проблемалар болса, онда ашу күшейіп, газ көбірек түзіледі, тітіркендіргіш заттар көбейеді, ол ауыра бастайды, ісінеді, нәжіс бұзылады", - дейді Мельникова.
Сондықтан, оның айтуынша, ойық жаралы колит, Крон ауруы, жедел ішек инфекциясы, тітіркенген ішек синдромы кезінде тек термиялық өңделген көкөністер жеу ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Эндокринолог арықтауға кедергі келтіретін 8 қателікті атады
А. Жапатова