Маникюрді барлық адамға бірдей жасауға болмайды. Кей адамдарға оған қарсы көрсетілім бар. Олар жайлы "Известия"-ға мастер Светлана Саркисян айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тырнақ етінің жанынан тырнақ өсіп кетсе, маникюр жасатпаған дұрыс. Оның бастапқы белгілерін түзетуге болады, ал асқынып кеткен болса, хирургқа бару керек. Ол әсіресе аяқта өсіп кетеді.
Сондай-ақ тырнақ қатпарланатын болса да, маникюр жасатпаған жөн. Себебі ол ішкі аурулардың белгісі болуы мүмкін.
Кей адамдар кейбір материалдарды көтере алмайды.
"Егер маникюрден кейін тырнақ етінің қышитынын, қызарғанын немесе қабынғанын байқасаңыз, сізге қандай материалдар қолданғанын біліңіз. Содан кейін келесі процедурада басқа материалдарды көріңіз", - дейді маман.
Аллергия, тері аурулары, бөртпе, дерматит жиі қабынумен және ұсақ зақымдармен қатар жүреді. Сондықтан зақымдалған теріге жасалған кез келген нәрсе (лак жағу, тырнақ айналасын тазарту) жағдайды ушықтырып жіберу мүмкін.
Тырнақ пластинасының асты көгеріп тұрса немесе зақымдалған болса, маникюр жасатуға болмайды.
"Мұндай жағдайларда клиент эстетикалық түр жасатқысы келіп, зақымдалған тырнақты лакпен қаптап беруін сұрайды. Алайда тырнақ астындағы көгерген жердің жазылғанын күту қажет. Сол кезде тырнақтың сыртқы түріне қарап, оның қалай жазылып жатырғанын немесе асқынғанын біле аласыз", - дейді ол.
Сондай-ақ мастер егер клиенттің тырнағынан саңырауқұлақ байқаса, маникюр жасаудан бас тартуға міндетті. Себебі ол жұқпалы. Папилломасы бар адамдарға да маникюр жасау қауіпті. Папиллома орналасқан теріні зақымдауға болмайды.
Қант диабеті бар адамдарға маникюр немесе педикюр жасатпаған жөн немесе теріні зақымдамайтын кәсіби маман көмегіне жүгіну керек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз