Көпшілік жиі шайға лимон қосып ішеді. Бұл цитрусты жемісте С дәрумені көп: ол иммунитетті жақсартуға көмектеседі. Бірақ кей жағдайларда сусынның жоғары қашқылдылығы зиян келтіруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РБК Life-қа сілтеме жасап.
Тіс эмалі проблемасы бар адамдар
Лимон қосылған шай тіс эмалімен проблемасы бар адамдарға зиян. Стоматолог Галина Гурьянованың айтуынша, қышқылдылығы жоғары кез келген сусын тіс эмаліне жағымсыз әсер етеді.
"Лимон шырынының қышқылдылық көрсеткіші (ph) 2 мен 3-тің арасында, ал ыстық су оның тіс бетіне әсерін күшейтеді. Лимон қосылған шай тісті газдалған сусындарға қарағанда белсендірек бұзады", - дейді тіс дәрігері.
Стоматолог лимон қосылған шай ішсеңіз, одан кейін аузыңызды сумен шаюға кеңес берді.
Созылмалы асқазан-ішек жолы аурулары бар адамдар
Лимон қосылған шайды цитрусты жемістерге аллергиясы бар адамдарға және асқазанының жоғары қышқылдығы бар адамдарға ішуге болмайды. Өт қабына тас байланған, гастрит, асқазан жарасы бар адамдарға шайға лимон салуға болмайды.
Жүкті әйелдер
Лимон қосылған шайды қыжылмен қиналатын жүкті әйелдерге ішу ұсынылмайды. Лимон қышқылы асқазан шырыштысын тітіркендіреді.
Оқи отырыңыз: Тамақтан соң бірден шай ішуге бола ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!