Кімдерге қара өрік жеуге болмайды? Өзіңізді тексеріңіз!

Кімдерге қара өрік жеуге болмайды? Өзіңізді тексеріңіз!
Фото: pixabay.com

Қара өріктің пайдалы қасиеттері көп. Ол ағзаны уыттардан тазартады, зат алмасуды қалыпқа келтіреді, іш қатудың алдын алады, ағзадан артық сұйықтық пен тұзды шығарады, холестеринді түйіншектерді азайтады және жүрек пен қан тамырларды қатайтады. Алайда ол кей адамдарға зиян болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалпы қара өрік қауіпсіз жеміс болып саналады. Бірақ ол іш жүргізетін әсерге ие. Сондықтан оны диареяға бейім немесе диареямен ауырып жатқан адамдарға жеуге болмайды. Сондай-ақ кез келген асқазан-ішек жолы ауруы, әсіресе жоғары қышқылдылығы және асқазан жарасы бар адамдарға қара өрік жеу ұсынылмайды. 

Қара өріктің несеп айдағыш әсері де бар. Сондықтан оны ревматизм, подагра, несеп-тас ауруы бар адамдар жемегені жөн. 

Қара өріктің құрамында қант көп болғандықтан, оны қант диабеті және семіздіктен қиналатын адамдарға көп жеуге болмайды.

Қара өрікті балаға 8-9 ай болғанға дейін бермеген дұрыс, себебі ол аллергиялық реакция беруі мүмкін. Алайда жалпы қара өрікке аллергия өте сирек кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова