Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді

Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Фото: © elements.envato.com

Шошқа, сиыр, қой және жылқы еті - кейбір адамдар үшін пайдалы. Бұл туралы диетолог Михаил Гинзбург айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Москваға" сілтеме жасап.

Диетолог қызыл ет В12 дәруменінің бірнеше көздерінің бірі екенін түсіндірді. Сонымен қатар дәрігердің сөзінше, ет темірге бай, сондықтан репродуктивті жастағы әйелдерге пайдалы.

"Еттің құрамында темір бар, ол жақсы сіңеді және біздің темір қорымызды толықтырады. Етеккірі келетін әйелдер үшін бұл өнім жақсы көмектеседі", - деді диетолог.

Сондай-ақ Михаил Гинзбург ет құрамында қыста ағза үшін маңызды D3 дәрумені бар екенін қосты.

Ол бұл өнімді 40 жасқа толмаған адамдар үшін таптырмас нұсқа деп атады. Егде жастағы адамдарға етті аптасына екі-үш реттен көп жеуге болмайды, өйткені оларда бұл өнім метаболизм процесінде ішек микрофлорасына зиян келтіретін улы заттардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә