- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кімдерге балмұздақ жеуге...
Кімдерге балмұздақ жеуге болмайды?
Дәрігер-оториноларинголог Антон Ризаев балмұздақ жеу неліктен пайдалы екенін және қандай жағдайда жемеген дұрыс болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Здоровье Mail.ru" сілтеме жасап.
Суық - адам ағзасы үшін стресс факторы. Дегенмен, дені сау адамға салқын қауіпсіз ғана емес, сондай-ақ пайдалы. Орташа қарқындағы тітіркендіргішті сирек пайдалану болашақта оған төзімділіктің артуына әкеледі.
Алайда, бұл тек сау адамдарға қатысты. Кез келген ЖРВИ-де, балмұздақ пен салқын сусындар жергілікті иммунитеттің уақытша төмендеуіне және әл-ауқаттың нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін.
Адамдарда лор мүшелерінің созылмалы аурулары - тонзиллит және фарингит жиі кездеседі. Егер сіз аталған ауруларға шалдыққан болсаңыз, мейлінші жиі оториноларинголог кеңесін алғаныңыз жөн. Көмекей без емге қарамастан, қабынуды жеңе алмайтын жағдайларда, ол қорғаушыдан инфекция ошағына айналып, оларды алып тастау көрек болады.
Егер іс-әрекеттер осы көрсеткіштерге сәйкес жасалса, адамға суық әлдеқайда сирек тиеді және оңай ауырып қалуы азайып қана қоймай, сонымен қатар жеңіл гипотермияға сезімталдығы төмендейді, демек, балмұздақтың аз мөлшерін қорықпай жеуге болады.
Егер адам ұзақ уақыт бойы балмұздақ пен салқын сусындарды мүлде тұтынбаса лор мүшелерінің суыққа табиғи төзімділігі жоғалады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә