- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кімдерге алмұрт жеуге...
Кімдерге алмұрт жеуге болмайды? Өзіңізді тексеріңіз!
Фото:
pixabay.com
Алмұртты көп мөлшерде жеу іш қатуға әкелуі мүмкін. Бұл жайлы "News.ru"-ге биолог Татьяна Алексеева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, қайыңға аллергиясы бар адамдарда алмұртқа да аллергия пайда болуы мүмкін.
"Алмұртттың калориясы төмен: 100 грамм өнімде 47 ккал бар. Оның құрамында С, К, В2, В6, В9 дәрумендері және ішектер жұмысын реттейтін жасұнық бар. Алмұртта қандағы гемоглобин деңгейін сақтайтын темір бар. Алайда алмұртты көп жеу ұсынылмайды, себебі ол іш қатуға әкелуі мүмкін. Қайың тозаңына аллергиясы бар адамдарда алмұртқа да аллергия болуы мүмкін", - дейді биолог.
Оқи отырыңыз: Кімдерге алма жеуге болмайды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова